RU

Қоғам белсенділері Мұсабаевтың сұхбатын сенсацияға теңеді

Қазақстан мен Ресейдің Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев  Ресей басылымдарына "Байқоңырдың" тағдырына қатысты сұхбат бергенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Қоғам белсенділері бұл сұхбатты сенсацияға теңеп отыр деп хабарлайды 31 арна. Себебі, ғарышкеріміз көптеген шенді-шенеуніктің  көпшілік үшін ашық айта алмай жүргенін айтып салды дейді.

"Айтқан сөзім түзу еді, қисық қылған тілшілер" деп журналистер қауымына өткен айларда өкпесін тауыса алмай жүрген Талғат Мұсабаев жаңа жылдық беташарын ресейлік  "Известия" басылымына сұхбат беруден бастады. Өткен-кеткенді түгендеп, болашаққа көз жіберген ғарышкер Байқоңырдан Ресей мүлдем кетпесе екен деді.

"Байқоңырдың ғарыш есігі болып қала беруіне біз қолдан келгенше барлық мүмкіндікті жасаймыз. Өз күшімізбен ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асырамыз. Бірақ, назар салып, айта кетерлік бір мәселе: біздің қалауымыз  Ресейдің Байқоңырда мәңгі қалуы", - деген болатын сұхбат барысында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасыү

Жалпы, күндердің бір күні "Байқоңыр" ғарыш айлағын Ресейдің тастап кетерін Талғат Мұсабаев бұған дейін де Парламент қабырғасында айтып өткен болатын. Бірақ, кейіннен ол сөзін қайтарып алды.

Ал, Қазақстан мен Ресейдің халық батырының сұхбатын қайта-қайта оқып шыққан  Мұхтар Тайжан негізгі  мәселені көре алмадым, ол гептилді пайдалануға мүлдем тиым салу жоспарының жоқтығы дейді.   

Сұхбатта нақты жоспар көріп тұрған жоқпын. Өйткені былтыр да жеті-сегіз сынақ жасаған. Осы жылға да сондай жоспарлап жатыр. Ол қуантпайтын жағдай  

"Сұхбатта нақты жоспар көріп тұрған жоқпын. Өйткені былтыр да жеті-сегіз сынақ жасаған. Осы жылға да сондай жоспарлап жатыр. Ол қуантпайтын жағдай", - дейді ол.

Талғат Мұсабаевтың ойынша, Ресей мен Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласын жақсарту жолында жаңа келісімге келіпті. Ол бұл жетістікті "Роскосмоcқа" келген жаңа басшымен де байланыстырды. Дегенмен, халық батырының осылайша сөйлеуін, "Ресей мәңгі қалса екен, кетпесе екен" деп армандауын  кей қоғам белсендісі тіпті түсіне алмайды.

"Ресей ертең кетіп қалса да, Байқоңырды ұстап қала аламыз. Стратегиялық қала ретінде де", - дейді қоғам белсендісі Санат Орынәлі.

Дегенмен, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың көз қарасы мұндай емес. Жаңа келісім бойынша, Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік мәселені шешуді, яғни, мектеп, балабақша, емхана салуды енді Қазақстан өз мойнына алмақ. Ал, ғарыш айлығына қатысты екі мемлекет арасындағы келісім-шарт 2050 жылы аяқталмақ. Бірақ, Т. Мұсабаев оны мәңгілікке созғысы келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/297578-kogam-belsendileri-mysabaevtyn-syhbatyn-sensacziyaga-tenedi.html