Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең ақылды адамның есімі анықталды

Опубликовано:

Әлемнің ең ақылды адамы Надия Джамукова есімді Дағыстан тұрғыны екен.

Әлемдегі ең ақылды адам кім? Эйнштейннің адам ақылының деңгейін (IQ) анықтайтын 200 сұрақтан тұратын тестінің 199,37 дұрыс жауап берген. Сол секілді Picasso тест сұрақтарының 360-ның 357-не жауап берген. Ағылшынша, орысша, түрікше, немісше, французша, арабша және парсыша 7 тілді емін-еркін білетін Н.Джамукова 25 жасында әлемнің ең жас профессоры атанған.

Мәскеудегі адам миын зерттеу орталығының мәлімдеуінше, әлемнің ең ақылды адамы саналады. Н.Джамукова үшін бір тілді емін-еркін дәрежеде сөйлеу үшін 3-4 ай уақыт жеткілікті көрінеді. Бүгінге дейін 3000 кітап оқыған ол әр күн сайын 1 кітап оқып бітіруге тырысады екен. 300 беттік бір кітапты 3 сағатта түсініп оқуға есте сақтау қабілеті жететін көрінеді.

Карл Маркстың "Капиталын" 4 жасында оқығанға ұқсайды. Кұран-кәрімді де 4 жасында оқып, тіпті жаттап алған. Бір кітапты екінші мәрте оқуды қаламайтын Надия Құранды бірнеше рет қайталап оқығанын, одан рухани ләззат алатынын да жасырмайды.

"Діндарсыз ба?" — деген сұраққа "Ақылды адам — иманды адам" деп жауап берген. Бүгінде ол Дағыстан мемлекеттік университетінде тарих және әдебиет пәндерінен сабақ береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/297865-elemdegi-en-akyldy-adamnyn-esimi-anyktaldy/

pixel