RU

Солтүстік Корея туристер үшін шекарасын ашты

Солтүстік Кореяға сапар бұрынғы социалистік елдер азаматтарының балалық шағына сапар іспеттес болмақ. Бұл – әлемдегі социализм дамыған жалғыз ел.

Қызыл түс Солтүстік Кореяда көп кездеседі. Елде барлық кәмелеттік жасқа толған азаматтар бұрынғы кеңестік кезеңдегідей төсбелгі тағады. Айырмашылығы Лениннің суретінің орнында өз көсемдері бейнеленген. Сонымен қатар оларда жыл қайыру үлкен Кимнің туған күнімен есептеледі деп хабарлайды 24 арна.

Қазір Солтүстік Кореяда 2014 жыл емес, Чучхенің 103 жылы. Тіпті студенттердің компьютерінің экранында "оқы, оқы және оқы" деген сөз жазылып тұрады. Бұл нақыл сөздің авторын солтүстіккореялықтар Ленин емес, Ким Ир Сен деп есептейді.

30-40 жастағы аға буынмен орысша сөйлесуге болады. Өйткені бұнда Кеңес одағы құлағанға дейін мектептерде орыс тілі пәні жүрген.

Солтүстік Кореяда ұшақ шығаратын украиналық компания қызметкері мұнда жұмыс бабымен де, турист ретінде де келген екен. Кымгансан тауының әсемдігі мен Ким Ир Сен және Ким Чен Ир мұражайларын да көріп үлгерген.

"Алғашында келуге қорықтым. Әлемге есігі жабық, дамуы артта қалған ел деп ойладық. Бірақ мұнда бәрі басқаша екен. Тіпті 3 айдың ішінде карточкамен есеп айырысатын такси да шығарып үлгерген. 36 қабаттық үлкен 2 үйді 6 айдың ішінде салып бітіп, қазір адамдар тұрып жатыр. Құрылыстың мұндай қарқыны біздің елде де жоқ", - дейдң Евгений Новиков, ұшақ шығаратын украиналық компания қызметкері Евгений Новиков.

Қазақстанда әзірге Корей халықтық демократиялық республикасының үкіметтік дипломатиялық уәкілдігінің мекемесі жоқ. Сондықтан Солтүстік Кореяға барғысы келетіндер үшінжолдаманы Қытай мен Ресейден алуына тура келеді. Бұл елге виза құны 75 АҚШ долларына, ал жолдама құны бір адамға 1000 еуроға тең. Солтүстік Кореяда туристер үшін барлық жағдай жасалған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298013-soltystik-koreya-turister-yshin-shekarasyn-ashty.html