Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ жігіттерінің арасында альфонстар көбейді

Опубликовано:

Әлеуметтанушы мамандар көздегені жайлы тұрмыс, алайда белдерін ауыртып, ақша тапқысы келмейтін еркектердің көбейіп бара жатқандығына алаңдаулы.

Қоғам арасында "альфонс" атанған мұндай жігіттер әйел жүрегіне жол таба отырып, қалтасына қармақ салып күн көруді көздейді екен. Азамат деген мәртебелі атқа сай ерлеріміздің азайып кеткендігін көпті көріп, көпшілікпен қауышып жүрген эстрада жұлдыздары да растап отыр. Қазақ әншілері ер емес, ез еркектердің 5 сипатын анықтап көрген еді.

Қоғам арасындағы әйел үстемдігінің арта түскендігін психолог мамандар 90-жылдардағы тоқыраумен байланыстырады. Жоспарлы экономиканың орнын нарықтық қатынастар басқанда, көптеген жұмыс орындары жабылып, еркек атаулы екі қолына бір күрек таппай қалды -дейді олар. Соның кесірінен, әйел ала дорба асынып, базар жағалап кетті. Сөйтіп, отбасының бар ауыртпалығын аналар өз мойнына алды деседі. 

"Еркек ақша табу керек. Міндеті, отбасын қорғау керек, асырағаннан бұрын отбасының қорғанышы болу керек. Отбасының ұйытқысы болу керек ер азамат. Сонда ғана мен ойлаймын отбасында береке болады. Енді қазір керісінше ғой бізде, әйел заты жұмыс істейді, әйел баланы да туып жатады", - дейді әнші Ақбота Керімбекова.

Еркектің бір парызын орындап, жуырда ғана зәулім үй салып бітірген Ақбота Керімбекова ер азамат пен қыз баланың өмірдегі міндеттері ауысып кеткендігін өкінішпен айтып отыр.

Бүгінде әйел асыраушы, ақша табушы. Қала берді оқуын оқып, жұмысын істеп, әлеуметтік жағдайын пысықтап алған келіншектер көп. Олардың басым бөлігі "пайдасы көк тиын бүгежек күйеудің ендігі қажеті қанша" деп санайды. Алайда көздегені жайлы тұрмыс, бірақ белдерін ауыртып, ақша тапқысы келмейтін еркектердің қоғамда көбейгені тағы бар.

"Дайын асқа тік қасық дейді ғой, сондай жігіттер біздің қоғамда пайда бола бастады. Өзі еңбектенбей, келіншегінің мойнына мініп отырған жігіттерді білеміз", - деп қосылады әріптесіне әнші Гүлнұр Оразымбетова.

Десе де, альфонс атаулы жігіттерді еркек деген атына бола үйіне кіргізіп, еркелетіп отырғандар да көп кездеседі екен. Әсіресе, бұл қармаққа күйеуімен ажырасқан, табысқа өз күшімен қол жеткізіп, балаларын ешкімнен кем етпей өсіріп, жетілдірген қалталы әйелдер ұшырайтын көрінеді. Алғашында оған қамқорсып, жылы-жылы сөздер айтып, қайда барса қасынан қалмай, өмірінде жоқ ер адамның рөлін тамаша ойнайды. Артынша, әйелдің нәзік жүрегін оңай арбап, соның есебінен күн көруге кіріседі -дейді психологтар.   

Көбі арақ ішеді, одан қалса казино ойнайды, карта ойнайды. Оларды кім асырау керек? Карта мен ішімдігінің ақшасын кім төлеу керек?

"Көбі арақ ішеді, одан қалса казино ойнайды, карта ойнайды. Оларды кім асырау керек? Карта мен ішімдігінің ақшасын кім төлеу керек? Отырған қыз төлеу керек па?", - деп сауал тастады Тамара Ассар.

Әнші Меруерт Түсіпбаева да, әріптестерінің сөздерін қолдайды. Айтуынша, қазіргі еркектердің бойында намыс қалмаған. Мөлтеңдеп қолдарын әйелге қарап созатын, үйде отырып, оның тапқан табысын санап, сонымен күнелтетін азаматтарымыздың саны артқан -дейді ол.   

"Қазіргі еркектерде тұрақсыздық бар. Ол тұрақсыздық деген өте нашар қасиет еркекке сай емес. Әйел тұрақсыз болса, бәлкім әйелдің жеңілтек мінезіне сай келер. Еркектердің бойында салмақтық, байсалдық жоғалып жатыр, тұрақсыздық, жеңілтектік пайда болып жатыр қазіргі еркектерде", - дейді әнші Меруерт Түсіпбекова.

Әншілеріміз, елімізде жігіт идеологиясын жөндейтін саясат керек -деп отыр. Себебі, "жауапсыздық, сараңдық, есепшілдік, арамдық пен жалқаулық" ез еркектің бес сипатына айналған" -дейді олар.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/298276-kazak-zhigitterinin-arasynda-alfonstar-kobejdi/

pixel