RU

Петропавл халықаралық әуежайы салыққа 33 млн қарыз

Петропавл халықаралық әуежайы қарызға белшеден батты. Мекеме 2007-2012 жылдар аралығында салық төлеуден жалтарып, бүгінде берешегі 33 миллион теңгеге жеткен.

Облыстық көлік прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, бұл уақытта әуежай жеке инвесторлардың иелігінде болыпты. Тек 2012-ші жылы мемлекет меншігіне өткен. Дегенмен, әлі күнге дейін қарыздан көз аша алмай келеді.

Айтуларынша, тапқан бар табысы жұмысшылардың жалақысына жұмсалуда. Бұл төңіректегі жағдай да мәз емес. Қызметкерлердің айлығы толық төленбей, жалақы қарызы 11 млн теңгеге жеткен.

"Әуежай салықты толық аудармаған. Яғни, салық төлеу мерзімінде жұмысшылардың зейнетақы аударымдарын, әлеуметтік салық пен әлеуметтІк сақтандыруды аударып, артынша қайтып алып отырған. Осылайша 5 жылда 33 млн 449 мың теңге бюджетке төленбепті. Енді соттың шешімімен олар бұл ақшаны 2 жыл ішінде ел қазынасына қайтаруы тиіс", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Салық департаментінің басқарма басшысы Ерік Құрмашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298303-petropavl-halykaralyk-euezhajy-salykka-33-mln-karyz.html