Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Македонскийдің өлімінің шынайы себебі анықталды

Опубликовано:

Британдық зерттеушілер Александр Македонскийдің өлімі оның әлсіз ағзасына ақсырғақ улы өсімдігінің әсер етуінен болған деген қорытындыға келді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол құсу, бұлшық еттерінің әлсізденуі, тырыспа және тамыр соғысының баяулауы тәрізді белгілерден зардап шеккен. Александр Македонский ақсырғақ атты улы өсімдіктен кездейсоқ уланудан қайтыс болған, деген тұжырымға келді британдық ғалымдар.

Бұл туралы мақала "Клиникалық токсикология" атты журналда жарық көрген. Ұзындығы бір жарым метрге дейін жететін ақсырғақ өсімдігі Еуропа мен Азияның оңтүстік өңірлерінде өседі. Британдық токсикологтар ақсырғақтың басқа да улы өсімдіктер тәрізді медицина саласында кеңінен қолданылатынын атап өткен.

Әйгілі қолбасшының 32 жасында өлім құшуының себептері туралы жазбаларды біздің дәуірімізге дейін 323 жылы өмір сүрген куәгерлер қалдырған.

Ондағы мәліметтерге сенсек, Александр ұрыс алаңында алған жарақаттарынан қатты әлсіреп, ауыр психологиялық күйді бастан кешірген. Ол ішімдік ішумен қатты әуестеніп, есінен танып қалатын болған. Сол сәтте грек дәрігерлері оның бойынан "зұлым күштерді шығару" және құстыру үшін ақсырғақтан әзірленіп, бал қосылған сусын берген.

Осы мәліметтерді егжей-тегжейлі зерттеген мамандар мақалада Македонскийдің бұл ауруға Бағдад қаласында душар болғанын да атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/298338-aleksandr-makedonskijdin-oliminin-shynajy-sebebi-anyktaldy/

pixel