RU

Қазақстанда ажырасқандар саны артты

2013 жылы республикада 47,3 мың жұп ажырасқан. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 4,9 пайызға артық.

Яғни, былтыр 1000 адамға шаққанда ажырасудың жалпы коэффициенті 3,04-ті құраған. Сәйкесінше, АХАТ органдарында үйленуге өтініш білдіргендер де көп.

Еліміздегі арнайы орталықтарда 155,3 мың неке тіркеліпті. Олардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға өскен. Яғни, мың адамның тоғызы шаңырақ көтеруге ниет білдірген.

Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов 2013 жылды қорытындылауға арналған брифинг барысында мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298342-kazakstanda-azhyraskandar-sany-artty.html