RU

Елімізде дәрі-дәрмектің оңды-солды сатылуы кең етек алды

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Хусаин Валиев Үкіметке осындай ұсыныс жасады. Депутаттың бұл мәселені көтеруіне жас жігіттің өлімі себеп болған.

Демікпе ауруына шалдыққан Данияр есімді бозбаланың дәріханадан сатып алған инголяторы жарамсыз болып, соңы қайғылы қазамен аяқталған, деп хабарлайды 24.kz

Ол бұл біз білетін бір ғана мысал деп отыр. Ал АҚШ, Еуропа, Жапония мен Кореяда бірде-бір дәрі-дәрмек нұсқаусыз сатылмайды. Дәріні оңды-солды тарату Африка мен ТМД елдерінде кеңінен етек жайған. Сондықтан депутат мәселеге салғырт қарамай, бақылауды күшейту керек деп есептейді.

"Еліміздегі фармацевтикалық заттардың 85%-ы шеттен келеді. Дәрілер тендер бойынша мемлекеттік сатып алу заңдылығы негізінде алынады. Бұл қаншалықты дұрыс шешім? Өйткені, дәрі дегеніміз көлік жасау үшін қажетті бөлшек немесе құрылыс материалы емес. Сорақысы сол, біздегі дәрілерді кез келген адам еш кедергісіз сатып алады. Осы ретте бақылауды күшейту керек деп ойлаймын", - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Хусаин Валиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298396-elimizde-deri-dermektin-ondy-soldy-satyluy-ken-etek-aldy.html