RU

Назарбаев: Қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналды

Қазақ тілі мәселесін ұлттың бірлігі үшін пайдалануымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты.

"Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Елімізде 57 орталық жұмыс істейді. Мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты. Соңғы жылдың өзінде қазақ тілін ана тілім деп санайтындардың саны 10 пайызға көбейді. Қазақ тілін дамытуға соңғы 3 жылда 10 млрд теңге жұмсады. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол қазақ тілі Мәңгілік Елдің - мәңгілік тіліне айналды. Тіл мәселесін біз даудың емес, ұлттың ұйытқысы үшін пайдалануымыз керек", - деді Н.Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298546-nazarbaev-kazak-tili-mengilik-eldin-mengilik-tiline-ajnaldy.html