Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жас қыздардың шешінгенін таспаға түсірген британдықтың есімі анықталды

Опубликовано:

Ұлыбритания азаматы Оралда кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың шешінген түрін бейнетаспаға түсіріп келген.

Алтыншы сыныптағы қызының жыныстық қатынас туралы ұялы телефонда жазған жазбаларын байқаған анасы полицейлерге шағым түсірді.

Осыған байланысты құзырлы орган қызметкерлері шетелдік азаматтың ізіне түсті. Тергеу барысында күдікті "Шағала" қонақ үйінің бөлмесінде аймақтағы мұнай өңдейтін компаниялардың бірінде жұмыс істейтін Ұлыбританияның отыз сегіз жастағы азаматы болып шықты.

Ол Атырау арқылы Оралға төртінші қаңтарда келген. Тәртіп сақшыларын көрген бойда, түсірілген бейнетаспаны қысқатолқынды пешке салып, жойып жіберуге тырысқан. Ал істен хабардар екендіктерін айтқан Алматыдағы Ұлыбритания өкілдігінің қызметкерлері жағдайды түсіндіруден бас тартты.

Батыс Қазақстан облысының құзырлы орган қызметкерлері қазір Ұлыбритания азаматына қатысты тергеу жүргізуде. Қыздардан алған түсіктеме негізінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қарастырып жатыр.

"Жартылай қалпына келтірілген электронды таратушы құралдарынан аталған шетел азаматының қонақ үй нөмерлерінде жас қыздардың, соның ішінде Орал және Атырау қалаларында кәмелетке толмаған орта мектеп оқушыларының қатысуымен түсірілген порнографиялық фотосуреттері бар файлдар табылды", - деді БҚО ІІБ баспасөз қызметкері Асылай Ғұбашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/298655-oralda-zhas-kyzdardyn-sheshingenin-taspaga-tysirgen-britandyktyn-esimi-anyktaldy/

pixel