RU

Қазақтың еті спортшылар үшін таптырмас тағам деп аталды

Бешбармақ конькишілер үшін таптырмас тағам болып табылады. Бұл туралы BNews.kz порталында өткен онлайн конференция барысында конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Саютин айтты.

"Тамақ – маңызды құрамдас бөліктің бірі болып табылады. Тіпті "спорттық тамақтану" деген термин де бар. Және де ол өте маңызды. Аэробты күш үшін де, және күш-қуатты қажет ететін жаттығу түрлері үшін де белгілі бір тамақтану тәртібі бар. Спортшының күнделікті тамағына майлы тағамдар кірмеуі қажет. Спортшы үшін итальян асханасы бәрінен де жақсы келеді деп санаймын", - деді Вадим Саютин.

Бешбармақ, жаттықтырушының айтуынша, спортшы үшін таптырмас тағам. Онда адам денсаулығына пайдалы ақуыздар мен көмірсулар өте мол.

"Аэробты күш үшін ет пен макарон өте қажет. Бірақ олардың сұрыптарын таңдай білу керек. Конькимен жүгірушілер көп күш жұмсайды. Сондықтан ет олардың тағам мөлшеріне енуі қажет, алайда майлы ет емес. Конькишілер спортшылардың сүйікті тағамы саналатын бешбармақты жей алады", - деді Саютин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298801-kazaktyn-eti-sportshylar-yshin-taptyrmas-tagam-dep-ataldy.html