RU

Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жаңа талаптар күшіне енді

2014 жылы жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жаңа талаптар күшіне енді. Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарының жаңа талаптарын әзірледі.

Аталған шара автовокзалдар мен автобекеттердің, автобустық тасымалдаушылардың, таксилердің, сонымен қатар теміржол вокзалдарында және пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жасалды.

Атап айтқанда автовокзалдар мен автостанциялар қызметтері бойынша мемлекеттік стандарт қызмет көрсетуші қызметкерлерге, жолаушылардың ақпараттық қамсыздандырылуына, санитарлық және техникалық параметрлеріне қатысты талаптар енгізілген.

Сондай-ақ, іргелес аумақтарға, багаждардың сақтығына, бейнебақылау мен интернетке шығу жүйелерімен жабдықталуына, сапар алдындағы техникалық және медициналық бақылауға, қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімді болуына, билеттердің сатылуына және тағы сондай қойылатын талаптарды ескерген.

Тұрақты және тұрақсыз автобустық тасымалдау қызметтерін көрсету стандартына сәйкес қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастағы жолаушылар мен багаждың автомобильдік тасымалдауында қолданылатын тұрақты автобустар мен шағын автобустардың нақты уақыт режиміндегі қозғалыс бағдарын бақылайтын жүйемен жабдықталуы тиіс.

Күн сайын ауысым аяқталғаннан кейін автобус қорабының сырты жуылып, тазарту және залалсыздандырушы саймандарды пайдалану арқылы салон дымқыл тазартудан өтуі тиіс. Ал автобустың орындықтарының механизмдері бүтін болуы тиіс.

Такси автомобильдерінде өздігімен жұмыс жасауға рұқсатнама жүргізушілерге тасымалдаушы бекіткен тәртіп бойынша сынақтан өткеннен кейін беріледі. Ақаулығы бар немесе техникалық байқаудан өтпеген (жарты жылда бір рет) автокөлік құралын пайдалану және автокөлік құралын жүргізу кезінде, құлаққапты немесе қатты дауыс байланысын қолданудан басқа, телефонды пайдалануға тыйым салынады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында автомобиль көлігіне барлық көлік түріндегі тасымалдың жалпы санының 95 %-ы жолаушылар тасымалына келеді. Сондықтан белгіленген стандарттардың талаптарын ұстану автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдаған кезде халыққа өркениетті, сапалы және қауіпсіз қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теміржол вокзалдарында қызмет көрсету стандартын алсақ ол қызметтер спектрін кеңейту мен оларды көрсету сапасын арттыруға, вокзалдар шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға бірегей талаптарды белгілейді. Одан басқа жаңа стандарт жолаушылардың, келерменнің және вокзал қызметкерлерінің комплексті қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырған.

Осылайша, вокзалдар классына байланысты ана мен бала бөлмесімен, медпунктпен дәріханамен, Wi-Fi желісіне шығу мүмкіндігімен, төлеу терминалдарымен жабдықталуы тиіс. Барлық қызмет көрсету пункттері тәулік бойы жұмыс жасауы және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы қажет.

Фирмалық пойыздарда жолаушыларды ыңғайлы тасымалдау үшін мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондардың болуы, кіру есігі арнайы мүгедек арбасын көтергішпен жабдықталуы сияқты талаптар стандартпен белгіленген.

Белгіленген стандарттар ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан іске қосылып, Қазақстан Республикасындағы жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін барлық меншік түріне таралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/298840-zholaushylarga-kyzmet-korsetu-bojynsha-zhana-talaptar-kyshine-endi.html