RU

Таңғы ас ішпеу жүрек ауруларына әкелуі мүмкін

Гарвард мектебінің мамандары жүргізген жаңа зерттеу таңғы ас ішпеу жүрек ауруларына әкелу қаупін арттыратынын көрсетті, деп жазады rosbalt.ru.

Бұдан басқа, зерттеуде бірнеше маңызды жайттар бар. Біріншіден, бәліш, фастфуд сияқты майлы, зиянды тағам жесе, жүрек ауруларынан қашып құтыла алмайсыз.

Екіншіден, таңғы ас денсаулыққа оң әсер ететін дұрыс дағдылардың бірі ғана. Бірақ бұл жерде денсаулыққа не пайдалы екенін білу аса маңызды.

Ғалымдар респонденттердің бір күнде тағам жеу жиілігін зерделеді, содан кейін 1992 жылдан бастап 2008 жыл аралығы бойынша 26 902 ер медициналық қызметкерлердің өмірін бақылауға алған.

Тәжірибе бастаған уақытта ерлердің жасы 45 пен 82 жас аралықтарын қамтыған. Зерттеу таңғы ас ішкен респонденттерге қарағанда, таңғы ас ішпеген ерлердің 27 пайыздан астамы жүрек талмасына бейім болғанын немесе жүректің ишемиялық ауруынан қаза тапқандығын көрсетті.

Мамандар таңғы асқа ақуыз, көкөніс, дәнді дақылдан жасалған ботқа тұтынуды ұсынады. Егер күніне 2000-ға жуық колория тұтынса, онда оның 200-ден 600-ге дейін колориясы таңертеңгілік аста болады.

Бұл майсыздандырылған сүтпен кофе, көкөніс және жаңғақтар қосылған сұлы жармасы немесе жемістермен жұмыртқа болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/299029-tangy-as-ishpeu-zhyrek-aurularyna-ekelui-mymkin.html