Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс 2035 жылы әлемде кедей елдер жойылып кетеді деген болжам жасады

Опубликовано:

Әлемнің ең бай адамы, технологиялық магнат Билл Гейтс кедейшілік пен жұқпалы ауруларды жеңуге болмайды деген қоғам түсінігін сынға алды, деп жазады The Daily Mail.

Билл және Мелинда Гейтс қайырымдылық қорының жыл сайынғы хатында магнат алдағы онжылдықтарға болжам жасады.

Гейтстің пікірі бойынша, 2035 жылға қарай әлемде кедей елдер қалмайды. Ал мемлекеттердің 70 пайызында тұрғындардың табысы бүгінгі таңда Қытай елінде тіркелген көрсеткіштен кем болмайды.

Билл Гейтстің ойынша, келешек екі онжылдықта он елдің тоғызында халық басына шаққандағы табыстары қазіргі кездегі Үндістан мемлекетінің көрсеткіштеріне дейін жетпек. Сонымен қатар миллиардер кейбір елдердің дамуы соғыс пен саясаттың кесірінен тежелетіндігін болжаған. Бұл жерде Гейтс Солтүстік Кореяны меңзеп отырғандығын да жасырмады.

Айта кетейік, танымал магнат Билл және Мелинда Гейтс қайырымдылық қорына 28 млрд доллар бөлген болатын. Бұл қордың негізінде әлемнің әр мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жобалар қаржыландырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/299161-bill-gejts-2035-zhyly-elemde-kedej-elder-zhojylyp-ketedi-degen-bolzham-zhasady/

pixel