RU

Студент суда еритін пакет ойлап тапты

Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университетінің студенті Иван Захаров суда бір күнде еріп кететін экологиялық пленканы ойлап тапты.

400-ден 1500 жылға дейін шірімей, жер қыртысын ластайтын қарапайым полиэтиленді пакеттерден гөрі бір күнде еріп кететін пакеттер әрине әлдеқайда тиімді, әрі экологиялық таза.

Яғни қазіргі біздің қолданып жүрген пакеттердің баламасына әбден жарайды.

"Пленка қарапайым крахмалдан жасалды. Сондықтан пайдаланып болғаннан кейін суға салсаңыз болғаны, ол еріп кетеді", – дейді Захаров.

Қазір студент өзінің өнертабысын патенттеуді қолға алды.

Бұл инновация Қазанның "Самосырово" қоқыс өңдеу кешенінің басшылары мен "Қазан экологиялық кешені" компаниясының қызығушылығын тудырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/299282-student-suda-eritin-paket-ojlap-tapty.html