RU

Отандасымыз шетелдіктерді Назарбаевтың "Үшқоңыр" әнімен мойындатты

Астаналық Фархад Маденов Лас-Вегаста өткен XIX халықаралық "Мөлдір магнолия" ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Total.kz.

Байқау 18-24 қаңтар аралығында өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен он мың орындаушы ниет білдіріпті. Олар вокал, хореография, актерлік шеберлік және цирк өнері бойынша бағын сынап көрген.

Жастардың дарынын әйгілі американдық әнші Мишель Файнштейн, Нью-Йорк сән үйлерінің бас агенті Хербер Фокс, ресейлік әртіс Олег Тактаров және әйгілі тілшілер мен бишілер бағалады.

Жарыстың бірінші кезеңінде жерлесіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған "Үшқоңыр" әні мен итальяндық "La spagnola" әнін орындап шыққан.

Екінші кезеңде де әділ қазылар өтінішімен президент әнін орындаған Маденов "вокал" номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Жерлесіміз Лос-Анджелестегі беделді оқу орындарының бірінде тегін оқуға құқына ие болып отыр. Мәденов қазір Қазақ Ұлттық университетінің екінші курс студенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/299355-otandasymyz-sheteldikterdi-nazarbaevtyn-yshkonyr-enimen-mojyndatty.html