Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар ызақорлығының себебі табылды

Опубликовано:

Канадада Монреаль университетінің және Сент-Жюстин ауруханасының қызметкерлері баланың ызақор болуы тұқым қуалайтын қасиет екенін анықтаған, деп жазады "Ресей газеті".

Бұрын сарапшылар балалардың ызақорлығы сәби кезеңінде, ал қарсы мінез-құлық көрсетудің дер кезі екіден төртке дейінгі жасты қамтиды деп мәлімдеген.

Зерттеу барысында канадалықтар 667 жұп егіздердің мінез-құлқы мен шыққан тегін зерделеген, ал ата-аналарына балаға 20, 32 және 52 ай болғанда, оларда болатын физикалық ызақорлық деңгейін бағалауды ұсынған.

Нәтижесінде белгілі факті расталды: физикалық ызақорлықтың дер кезі ерте балалық шақта болады екен. Алайда бастапқыдағы жағдайлардың жиілігіне, физикалық ызақорлықтың өзгеру деңгейіне сыртқы фактор да, тұқым қуалаушылық фактор да әсер еткен.

Зерттеушілер балалардың ызақорлығына ықпал ететін тұқым қуалаушылық шамамен 50 пайызды құрайды деп санайды. "Тұқым қуалаушылықпен келетін физикалық ызақорлық өзгермейді деген ұғым жоқ", деді зерттеудің авторы Эрик Лакрус.

Біраз уақыттан соң көптеген балалар мен жасөспірімдер бұл ауыр кезеңді еңсеріп, адамдармен жылы қарым-қатынасты дағдыға айналдыра алады. Чикаго университетінің бұрынғы қызметкерлері жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде пайда болатын өзін-өзі ұстай алмау, ашуын тежей алмау сияқты сәттерінде аспирин көмектесе алатынын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/299477-balalar-yzakorlygynyn-sebebi-tabyldy/

pixel