Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезінде жігіт болған қыз "Әлем аруына" қатыспақшы (фото)

Опубликовано:

"Әлем аруы" байқауында жеңістен үмітті арудың өмірі біраз адамның жағасын ұстатуы мүмкін деп жазады Lite.BNews.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

23 жасар торонтолық Амелия Малтепенің рас аты немесе бұрынғы есімі Адеш және ол Бангладеште мұсылман отбасыда ұл боп дүниеге келген. Жастайынан өзін бөтен біреудің денесінде өмір сүріп жүргендей сезінген жігіт 2009 жылы Торонтоға барып оқуға түскеннен кейін, бала арманын ақиқатқа айналдыруға медицинаның толық қаухары бар екеніне көз жеткізеді.

"Ол операция мен дәрі-дәрмектер арқылы өз жынысымды ауыстыра алатынымды сезген алғашқы кезім еді. Сол сәт әлі есімде және шын мәніндегі келбетімді өз қолыммен жасай алатынымды білгенде өзімді аса бақытты сезіндім", - деп еске алды Амелия өткен өмірін.

Осыдан кейін гормондық терапиядан өтіп, құны $3 000 болатын лазерлік эпиляциядан кейін ол 2012 жылы жасанды кеуде салдыру үшін қосымша $12 000 ақша жұмсаған. Аз уақыт ішінде адам танымайтындай өзгеріп шыққан Амелияны қазір сән журналдары фотосессияға да шақыра бастапты.

Тіпті, Торонтода жүрген кезінде өзінің бүгінгі ғашығын да жолықтырған. Әрине, алғаш кезіккенде әрі жігіті, әрі жаттықтырушысы Чарльз Дюбюк оның өткен өмірі, кім болғаны жайында мүлде естіп білмеген. Қазір Амелия жынысын толық ауыстырып үлгермегеніне қарамастан жігіті онымен бірге тұрып жатыр.

Енді Амелияның басқа арманы бар – "Әлем аруы" атану. Және оған қатысу үшін барын салып дайындалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/299496-kezinde-zhigit-bolgan-kyz-elem-aruyna-katyspakshy-foto/

pixel