Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызтекелер неге көбейіп барады?

Опубликовано:

Батыстан мәдениет үйренем деген қазақ қоғамы оның жақсы-жаманын іріктемей бойына сіңіріп келеді.

Рухани тұрғыдан әбден азғындаған АҚШ пен Еуропадан "жұққан" гомосексуализм індеті еліміздің басауруына да айналуы мүмкін, егер уақытылы шара қолданылмаса, әрине.

Қыз бен қыздың, жігіт пен жігіттің көңіл жарастырғанын бұрын тек шетел киноларынан көрсек, бүгінде саябақтар мен түнгі клубтардан қиналмай кездестіретін дәрежеге жеттік. Дабыл қағатын-ақ жағдай. Бірақ, бірер депутаттан өзге мәселе көтеріп жүрген ешкім жоқ.

Ауыр болса да айтарымыз, қазіргі таңда жұмыр басты пенде адами қасиеттен ада болып барады. Басқасын былай қоялық, Жаратушы иеміздің жасаған болмысына қарсы тұрғысы келетін адамдар баршылық. Соның ішінде бір жыныстылар некесі немесе олардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы бүгінгі күні әлем жұртшылығын ойландырып отыр.

Тіпті оған қарсы қоятын айла таппай, олардың некелерін заңды түрде тіркеп жатқан мемлекеттер баршылық. Кейбір елдерде дегеніне жете алмай жүрген олар ашықтан-ашық көшеге шығып, өз наразылығын білдіруден қымсына қоймайтын болды. Тағы бір өкінерлігі, солардың арасынан билік басына келіп, бір қауым елге көсем болып жүргендер де кездеседі.

Ондай жат құбылыстан Қазақстан да шет қалып отырған жоқ. Біздің қоғам ондай адамдарды әлі де қабылдай алмай келеді.

Әрине, әркімнің өз еркі дегенмен сырттай болса да, мұндай өмірге тосырқай қараймыз. Өкініштісі, олардың саны азаятын түрі жоқ. Қайта қаулап өскен қоғадай қаптап барады. Жалпы, еліміз бойынша қанша біржынысты "махаббат" иелері бар екенін білмедік. Дегенмен олардың көше бойынан жиі көретін күйге түстік.

Қазекем мұндай адамдарды ертеден-ақ жақтыра қойған жоқ. Қыздай қылымсыған "жігіттерді" қызтеке дейтін. Еркек тәрізді қыздар еркекшора аталатын. Бәлкім, ол кезде де бірен-саран осындай адамдар болған шығар. Бірақ ата-бабамыз бауырындағы баласына дұрыс тәрбие беруге тырысты. Ұлын ес білгеннен аттың үстінен үйретті. Тұлымшағы желбіреген қызын да өзінің жолымен өсірді.

Өкінішке қарай, қазір тәрбиеміз қандай деген сауал тілдің ұшына орала береді. Өйткені, қазір қазақы ортаны да жоғарыда айтылған жат қылықтар жаулап бара жатқан секілді. Бұрын қызтеке деп айтылған "қауымды" көгілдірлер дейміз. Шетел тілдерінде де өзінше атаулары бар.

Қазақстанда қызтекелер немесе еркекшоралар қай қалада деп ойлайсыз? Әрине, еліміздегі ірі мегаполистер – Астана мен Алматы алдымен тіл ұшына оралады.

Одан кейінгі орындарда Ақтөбе, Шымкент, Өскемен секілді шаһарлар тұрған көрінеді. Қалың қазақ тұратын Қызылорда мен Атырау да солардың санатына жатқызылатыны бізге өте қынжылыс алып келіп тұр. Сонда ұлымыздан ұят, қызымыздан қылық кетіп бара жатқан заманға тап келдік пе екен?

Жергілікті тұрғындардың 96-97 пайызын қазақ құрайтын Қызылордада 300-ге жуық сондай жат қылықты жандар тұратын көрінеді. Әрине, олар бұл қалада ашықтан-ашық жүре алмайды. Оларға арналған гей-клубтар да мұндай жоқ. Бірақ жасырын болса да, жаратылыс заңына қарсы келіп, бір-бірімен құшақтасып мауқын басатын адамдар бар.

Егер жағдай осылай кете берсе, ендігі 10-15 жылда қандай жағдайды бастан кешіретінімізді ойлаудың өзі қорқынышты. Қазіргі таңда мұндай жағдай Ислам діні өркен жайған Пәкістан секілді елдерде де өте қиын мәселе айналғанын ескерсек, бұл нәрседен қауіп алуымыз тиіс екені көзге көрініп тұр.

Тіпті олардың өкілдері билік басына келіп, ашықтан-ашық өзінің қызтеке немесе еркекшора екенін мойындап, өздерінің мүддесін қорғап жатса қайтпекпіз? Мәселен, Англия, Франция, Люксембург секілді мемлекеттерде ол қалыпты жағдайға айналып кеткен. Осы жағын ойланып көрелік. Әзірге кеш емес...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/299517-kyztekeler-nege-kobejip-barady/

pixel