Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы дүниеге үшем әкелді

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Мария Федоренко дүниеге үшем әкелді.

Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлайды, деп жазады bnews.kz

Сәбилерге Архип, Прохор және Егор деген есімдер берілді деп көрсетілген хабарламада. Шайбалы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебіндегі әйелдер командасының бапкері спортқа қайта оралатынын айтыпты.

Мария "Б" тобында әлем чемпионы деп танылған, 2005-2006 жылдары Еуролигада екінші орынға ие болды. 2006 жылы Азия ойындарында маусымның үздік қорғаушысы атанды. Оның тәлімгерлері 2007 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында алтын медаль иеленді. 2009 жылы Қазақстанда II Қысқы Спартакиадада күміске қол жеткізді.

Қазіргі таңда Федоренконың 6 тәрбиеленушісі Қазақстанның ұлттық құрамасына алынған. Ал спортшының өзі 2000 жылдан бері республикалық құрамада өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/299525-aziya-ojyndarynyn-eki-dyrkin-chempiony-dyniege-yshem-ekeldi/

pixel