Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған тұрғыны сіріңке шиінен Тәж Махал құрастырды

Опубликовано:

Жетісулық 21 жасар Айбек Бауыржанұлы әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын ерекше кесенені сіріңкеден құрастырған. 2010 жылы қаңтар айында қолға алынған жұмыстың аяқтағанына да санаулы күн болды.

Болашақта сәулетші болуды арман еткен Айбек оқуға түсерде кесене құрастыруды шығармашылық жұмысы ретінде бастайды. Алайда кейбір себептермен басқа мамандықта оқиды. Десе де жас шебер бастаған жұмысын аяқсыз қалдырмауға тәуекел етеді.

4 жыл уақытын сарп еткен әйгілі Тәж-Махал кесенесінің нобайын жасау үшін 77 700 сіріңке талы кеткен.

"Күмбездің өзіне 1 жылдай уақыт кетті. Шар үрлеп, оның сыртына жапсырдым. Бір жол ши жапсырғаннан кейін кепкенін күту керек. 2-шиді үстінен тағы жапсырдым. Сондықтан ұзақ уақыт кетті", - дейді қолөнер шебері.

Ғимарат нобайын шебер ғаламтордағы мәліметтер мен суреттерді пайдаланып жасаған. Жалпы Айбектің ұсталыққа ынтасы бар екенін ата-анасы мектепте оқып жүргенде білген. Ол ең алғашқы қолөнер бұйымын бастауыш сыныпта жасаған.

"1-сыныптан 3-сыныпқа шейін сурет салды. 3-сыныптан кейін ағашты күйдіріп салатын болды. Жасаған жұмысы тиянақты. Баламыздан үміт күтеміз", - дейді шебердің әкесі Бауыржан Нұрбатыров 24 арнаға.

Биіктігі 85 см, ауданы 1,2 шаршы метр болатын жұмысын Айбек саудаға шығарды. Суреттерін ғаламторға жариялады. Түскен қаражатқа бала кезінде ең басты арманы болған сәулетші мамандығын оқымақ. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/299757-taldykorgan-tyrgyny-sirinke-shiinen-tezh-mahal-kyrastyrdy/

pixel