RU

Қазақстанда шығарылған жеңіл көлік саны 3 есеге артты

2013 жылы елміздегі автомобиль жасау зауыттарында жеңіл машина өндірісінің жалпы көлемі 38 мыңға жетті, сондай-ақ 2290 жүк автомобилі жасалған.

Осылайша жеңіл автомобиль шығару 96%-ға артты, былтырғы жылмен салыстырғанда, жүк көлік шығару 31%-ға өсті, деп хабарлайды bnews.kz

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "БИПЭ АВТО" компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин осылай мәлім етті.

"Қазақстанда құрастырылған көліктің орташа бағасы шамалы өсіп 22 мың долларға жетті, ал шетелден импортталатын автомобильдер құны да өсті. Отандық жеңіл машина жасаушылардың үлесі 778 млн доллар болды", - дейді А.Балушкин.

Оның айтуына қарағанда, елімізде жасалған автомобильдердің сатылуы жалпы саудаланған көліктердің 21%-на жеткен. Еліміздің көп бөлігінде өзімізде жасалған жол талғамайтын және жеңіл көліктер саудалануда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/300035-kazakstanda-shygarylgan-zhenil-kolik-sany-3-esege-artty.html