RU

Елдің кей аумақтарында ертең сынап бағанасы -32 градусқа дейін түседі

Каспий теңізінде қалыптасқан жылу мен ылғалдың мол қорымен циклон 31 қаңтар күні Қазақстанның оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарының аумағы арқылы өтеді.

Осыған байланысты аталған аудандарда көктайғақ, бұрқасын орын алып, бастыстан соққан жел кей тұстарда 17-22 м/с-қа жетеді.

31 қаңтарда республиканың орталығында, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты аяз күтіледі.

Түнгі температура батыста 28-35 градусқа түссе, солтүстік пен орталықта 15-30 градусқа, шығыста 30-35-ке дейін, оңтүстікте 17-22-ге дейін, кей амақтарда 32, оңтүстік-шығыста 15-30 градусқа дейін төмендейді, бұл қалыпты жағдайдан 10-15 градусқа төмен, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/300435-eldin-kej-aumaktarynda-erten-synap-baganasy-32-graduska-dejin-tysedi.html