Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғыны дәмхана қызметкерін пышақтап кетті

Опубликовано:

Қаңтардың соңғы күндерінің бірінде кешкілік уақытта қала орталығында орналасқан дәмханада кісі өлімі болды.

Тексеру барысында осы кафеде қызмет атқаратын Қызылорда қаласының 1994 жылғы тұрғыны мен осы қала тұрғыны 1995 жылғы жас азамат арасында жанжал туындап, екеуі дәмхана ауласында төбелесіп қалған.

Нәтижесінде күдікті азамат кафе қызметкерінің кеуде тұсына 2 мәрте пышақ жарақатын салған.

Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлерінің жедел жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазіргі таңда оның үстінен ҚР ҚК-нің 96 бабы 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/300467-kyzylorda-tyrgyny-demhana-kyzmetkerin-pyshaktap-ketti/

pixel