Выйти
RU

ОҚО-да жойқын газ жарылысынан 11 адам күйіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстанда газ жарылуынан бір шаңырақтағы 11 адам түгел күйіп қалды. Ауыр жараланғандардың сегізі кәмелетке толмаған балалар болып шықты.

Қазір 9, 6 және 16 жастағы жасөспірім ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлер әсіресе 16 жастағы қыз баланың хәлі мүшкіл дейді. Денесінің 50 пайызын күйік шалыпты. Тағы бес жеткіншек пен балалардың анасы және 75 жастағы қария әр түрлі жарақатпен бір бөлімде, бір палатада жатыр.

Ал, қолын ғана күйік шалған 40 жастағы отағасы жарақаты жеңіл болғандықтан үйіне жіберілген. Оқыс оқиға, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылында болды. Жер үйлдегі жарылысқа қосулы күйде қалған газ себеп болған.

"Сағат 7-лерде балалар мектепке барады, төртеуі. 3 қыз, бір бала. Солар шәй ішіп жатыр еді жаңағы бірден лап ете қалды ғой от. Бір бөлмеде жатамыз бәріміз. Жаңағы балаларға өзім қарап жатамын. Тағы келінім кіріп қалған екен. Лап еткенін бір білдік, бәріміз күйдік", - дейді  зардап шегуші Тайынбай Сәбденов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-да жойқын газ жарылысынан 11 адам күйіп қалды