Выйти
RU

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы пойызбен соқтығысып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы пойызбен соқтығысып қалды7 Қоғамдық көлік жүргізушісі пойыз жеткенше "үлгеремін" деп  жол бермей өте шыққан.

Тура сол сәтте пойыз бар жылдамдығымен бүйірден соғып, бір-ақ тоқтапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға Мұнайлы ауданында болды. Cол сәтте қоғамдық көлік ішінде 20 жұмысшы отырған. Барлығы түнгі ауысымға бара жатқан зауыт жұмысшылары екен. Абырой болғанда адам өлімі жоқ. Тек 59 жастағы әйел жараланып ауруханаға жеткізіліпті.

Айта кетсек, осындай теміржол өткелінде жол апаты 3 ай бұрын да болған. Ол кезде пойыз жанармай таситын көлікпен соқтығысып, 17 цистернадағы мұнай түгелдей өртеніп кеткен-ді. Және машинист көмекшісі оқиға орнында жан тәсілім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы пойызбен соқтығысып қалды