Выйти
RU

Қарағандыда белгісіз қаңғыбас 12 жүк көлігінің иесі болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда Еуропадан жалған құжаттарымен келіп тіркелген 12 жүк көлігі анықталды. Барлығы Абай аудандық жол полициясында бір қаңғыбастың атына тіркеліп, ел ішіне тарап кетіпті.

Сол көліктердің бірін сатып алған адам, оны қайта тіркеуге қоюға келгенде осындай жәйтқа тап болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Техниканың келген жағынан анықтама сұратқанда, көліктің ресми түрде шекара аспағаны анықталыпты. Әзірге мамандар осындай 12 машинаның бесеуін елдің бірнеше облыстарынан тауып тәркілеген. Қалғаны іздестіріліп жатыр.

Көлікті шекарадан өткізгендер мен техниканы өз атына тіркеткен қаңғыбасқа да қазір іздеу жарияланды. Ал жалған құжаттармен жеткізілген машинаны тіркеуге алған жол полицейлеріне қатысты 2 бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Алаяқ жол сақшылары осы арқылы кеден салығынан жалтарып, қазынаға 180 млн теңге шығын келтірген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда белгісіз қаңғыбас 12 жүк көлігінің иесі болып шықты