Выйти
RU

Өскеменде атақты хоккейшінің әйелі жұмбақ жағдайда қаза тапқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде Ольга Огурешникованың туыстары істі қайта қозғауды талап етуде. Белгілі хоккейші Сергей Огурешниковтың әйелі үйдегі жанжалдан кейін тоғызыншы қабаттан секіріп мерт болған.

Тергеу – "суицид" деп қысқа қайырып, істі жылы жауып тастаған-ды. Бірақ, марқұмның туыстары келтірілген дәйектермен келіспей отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әдемілікке жаны жақын Ольганың мына жұмыс орны әлі күнге дейін бос тұр. Тырнақ сәнінің шебері болған ол қалтасы қалың хоккейшінің әйелі атанса да, еңбек етіп, өз бетінше ақша тауып жүрген. Сондықтан кәмілетке толмаған баласын тастап, терезеден секіріп кеткеніне туыстары сенбей отыр.

"Бәрінен бұрын қабырғамызды қайыстырғаны - Ольганы "суицидке барды" деп істі жауып тастағандары. Сіңілімнің өмірге құштар, ақжарқын адам болғанын мен ғана емес, таныстары түгел растай алады", - дейді марқұмның әпкесі Светлана Гаврилова.

30-ға енді толған келіншек көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатында тұрған. Тура сегіз ай бұрын сәуірде Ольга жұбайымен бас құрағандарына бір жыл толғанын атап өтуге әзірленіпті. Бірақ, пәтер ішінде аяқ асты не болғанын ешкім түсіне алмай отыр.

Марқұмның құрбызы Лира Островскаяның пікірінше, Ольганың жұбайымен сөзге келіспей, арты төбелеске ұласқан. Себебі, достарына тергеушілер неге Ольганың аяғында бір-ақ шұлық болғанын, саусағының тырнақтары түп етімен қалай жұлынғанын және басындағы жарақаттың неден екенін түсіндірген жоқ.

Марқұмның құрбысы Сергейдің абайсызда әйелін өлтіріп алып, терезеден лақтырып жібергенге ұқсайтынын айтады.

Сот медициналық сараптамасының құжаттарында келіншектің денесінің сау жері жоқ екені жазылған. Жұлынған тырнақтары мен бас сүйегіндегі үлкен жарақаттың қайдан пайда болғаны тергеу қорытындысында көрсетілмепті.

"Қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан іс қысқартылды. Шешімнің заңдылықтары прокуратураға жіберелді. Егер олар қандай да бір қателіктер тапса, қайта тергеу амалдары жүргізілуі тиіс", - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Марқұмның туыстары енді іске прокуратураның араласуын талап етіп отыр. Ал жұбайының қисынсыз қиылған өміріне еш қатысым жоқ, айтқандары "жала" деп хоккейшінің өзі жауапты қысқа қайырды.

Сергей Огурешников қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр екен. Осыдан болар, қақпашы ресейлік клубтың құрамынан да шығып қалыпты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскеменде атақты хоккейшінің әйелі жұмбақ жағдайда қаза тапқан