Выйти
RU

Қазақстандық депутаттарға арнап $36 мыңнан жеңіл көлік сатып алу жоспарлануда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"ҚР Парламентінің шаруашылық басқару" мекемесі мемлекет тарапынан 35 жеңіл автокөлік алу туралы хабарландыру жасады. Әрбір автомобильдің құны - шамамен 5 млн 645 мың теңгені құрамақ.

Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды.

Депутаттарға арнайы Е классты автомобильдер талап етіледі. Топтамада атап өткендей, көліктің автоматты беріліс қорабы кем дегенде бес басқыштан құралған болуы керек.

Сондай-ақ, көлікте аз дегенде алты қауіпсіздік жастықшасы, төтенше тежеу күшейткіші, рөлдің бұрышқа икемделу қозғалысы, мультифункциональды рөл болуы талап етіледі.

Автопарктің жаңартылуына барлығы 197 млн 575 мың теңге жұмсау көзделген. Парламент қызметкерлеріне жеңіл көлік алып беру мақсатында қаржы соңғы рет 2012 жылдың қазан айында жүзеге асырылған болатын.

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев атап өткендей, 210 млн теңге тек отандық автомобильдерге арналған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық депутаттарға арнап $36 мыңнан жеңіл көлік сатып алу жоспарлануда