Выйти
RU

Қазақстандықтар 1 жылда зейнетақы есебіне 3,7 млрд долларға жуық қаржы аударды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2013 жылы 3,7 миллиард доллар қаражат қазақстандықтардың зейнетақы есебіне аударылды. Бұл туралы Ranking.kz. сайтында хабарланды.

Қазақстандық қызметкерлердің зейнетақы қорларына аударылған қаражатының үштен бірі, 562 миллиард теңге - Астана мен Алматының үлесінде.

Бұл ретте зейнетақы аударымдары көлемінің өсуі жағынан елорда көш бастап тұр, жылдық өсім 16,5 пайызды немесе 9,9 миллиард теңгені құраған.

Астананың қызметкерлеріне 2013 жылы зейнетақы қорларына барлығы 70 миллиард теңге аударылған.

Зейнетақы аударымының ең төменгі өсімі Қызылорда облысында. 2012 жылмен салыстырғанда, бұл өңірде зейнетақы аударымының көлемі бар-жоғы 4,5 пайызға өскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар 1 жылда зейнетақы есебіне 3,7 млрд долларға жуық қаржы аударды