RU

Мәдина Сәдуақасованың тойынан эксклюзивті кадрлар (видео)

Өткен демалыста Олжас Смағұлов пен әнші Мадина Садуақасованың үйлену тойы болып өтті. Қос ғашық Орталық неке сарайына барып, некелерін заңдастырды.

Әншінің тойы көпшілікке қызық болғаны соншалық, сарай алдына оның туыс-жолдастарынан бөлек, мүлде бейтаныс адамдар арнайы келіп, бақытты жұпты құттықтаумен болды. Тойы "Жыл тойы" деген атқа әбден лайық мереке деп те аталып үлгерді.

Аязды күнге қарамастан Мадинаны  той көйлекте, жұбайымен бірге көруді қалап әрі оларды құттықтағысы келгендер көп болды. Орталық неке сарайының алдында Мадинаның туыс-жолдастарынан бөлек, бірінші болып оның тыңдармандары жиналып алды. 

Ал, неке қию рәсіміне жас жұбайлардың тек жақындары жиналды. Қос ғашық заңды некеге тұрып, бір-бірін мәңгі сүйіп өтуге ант бергеннен соң қолдырына жүзіктерін тақты.

Мадина Олжасқа қатысты тағы бір шындықтың бетін ашты. Күйеуінің өзінен алты жасқа кіші екенін жасырмады.

Ал, осы уақытта қонақтар бірінен соң бірі мейрамханаға келіп жатты. Мәселен, әнші Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархаббатпен, режиссер Талғат Теменов, Дос-Мұқасандықтар, Майра Мұхаммедқызы. Айтпақшы, опера жұлдызы Мадина мен Олжасқа алған арнайы сыйлығын да көрсетті. Ол Францияның мамықтай көрпешесін сыйға тартпақ.

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен Мадина мен Олжастың тойын тек "31 арна" ғана түсіруге рұқсат алды. Ал, өзге БАҚ өкілдері бұл кешке кіргізілмеді.

Қос аққудай бұралып, ортаға маххабат вальсімен шыққан бұл ғашықтарға тойға келген қонақтардың бәрі тамсана қарады. Әсіресе алты жыл бойы жалғыз жүрген Мадинаның өз бақытын тапқанына риза болды көпшілік.

Айта кету керек, Мадина бір тойда екі көйлек ауыстырды. Неке қию рәсіміне киген көйлекті жұбайы сатып алып берсе, екіншісін құрбысы тігіп, сыйға тартқан екен.

Ал, тойға ресми түрде 230 адам шақырылды. 23 дастарханға қонақтарын жайғастырған той иелері екі түрлі ыстық тамақ ұсынды. Ол міндетті түрде берілетін ет, екінші асқа балық ұсынылды. Ал, тойды үш бірдей асаба басқарды. Оның екеуі Мадинаның достары. Азамат пен Жанатбек. Ал, өнердегі өзге әріптестері Айгүл Иманбаева, "Музарт", Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалар әннен шашу шашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/300988-medina-seduakasovanyn-tojynan-eksklyuzivti-kadrlar-video.html