RU

Дубайға барған туристер салық төлеуге міндеттелді

Дубайда наурыз айының соңынан бастап қалаға келетін қонақтардан салық жиналатын болады, деп хабарлайды "The National" басылымы.

Әр адам 7 дирхамнан 20 дирхамға ($1,9 - $5,4) дейін төлеуі тиіс. Салықтан түскен қаржының барлығы "ЭКСПО-2020" Халықаралық көрменің ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалатын болады. Аталған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам келеді деп күтілуде.

Салық Дубайға келіп, кез-келген қонақ үйге тоқтаған саяхатшылардан алынады. Оның көлемі қонақ үйлердің деңгейіне байланысты анықталады.

Мамандардың болжауынша, Дубайдағы қонақ үйлердің саны 2020 жылға дейін екі еселенеді. 2012 жылы олардың саны 80 мың болса, "ЭКСПО" көрмесі қарсаңында 140-160 болады деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/301035-dubajga-bargan-turister-salyk-toleuge-mindetteldi.html