Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шотландияда біржынысты неке заңдастырылды

Опубликовано:

Шотландия парламенті біржыныстылар некесін заңдастыру жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Мұндай некені заңды түрде тіркеуді 105 депутат қолдаса,18-і қарсы шықты, деп жазады bnews.kz ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Шотландияда біржыныстылардың алғашқы ресми үйлену тойы биылғы жылы өтуі мүмкін. Ел үкіметі аталған заңға дауыс беруді тарихи шешім деп қабылдаған. Дегенмен парламенттің бұл шешімін діни қызметкерлер құптамай отыр.

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы Англия мен Уэльсте біржынысты неке заңдастырылған болатын. Қазір Біріккен Корольдікте тек Солтүстік Ирландия ғана мұндай некені мойындамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/301211-shotlandiyada-birzhynysty-neke-zandastyryldy/

pixel