RU

Шетел тілшілері: Сочиде унитаздан "балық аулауға" болмайды

Сочи қысқы Олимпиада ойындарының ашылуынан бірнеше күн бұрын келген шетел журналистері бірінші болып спорт нысандарының дайындығына куә болды деп жазады BNews.kz.

Бастапқыда әжетханада қатар тұрған түбек шетелдіктер үшін қызық көрінді, олар Олимпиада басталғанша ұйымдастырушылар кемшілікті жойып үлгермейді деген ойда. Бірқатар халықаралық басылымдарына шолу жасаған newsru.co.il сайты осылай жазады.

Мысалы, "Вашингтон пост" газетінің жазуына қарағанда қаладағы тоғыз қонақүйдің тек алтауы ғана кісілерді қабылдауға дайын екен. Сочиге келген қонақтар болса өздеріне арналған қонақүйдің әлі бітпегенін көрген.

Германиядан келген журналист Йорг Ройтер қаңтар айының соңында келгенде қонақүйдегі нөмірін қаңғыбас ит иемденіп алғанын айтқан. Ол басқа жерге аялдауға мәжбүр болыпты.

Тілші осы аптада бөлмесіне қайтып келсе онда не жарық жоқ, кондиционер, телевизор істемейді, краннан тат су ағып тұрған. CNN телеарнасының тілшілері өздеріне 11 нөмір бес ай бұрын алынып қойылғанын айтады. Алайда олар келгенде тек бір ғана нөмір дайын болып шығыпты.

Әзірге әлеуметтік желілерде құбырдан аққан лай су, жөнделіп бітпеген нысандар және қонақ үйлердегі кемшіліктер туралы көптеген наразылықтар жазылуда.

Ресей тұрғындары үшін әжетханадағы ескерту және тыйым салған суреттер батыс журналистері үшін түсініксіз болып шыққан. Олар тіпті мұны келемежге айналдыруда. Мысалы Fox Sport арнасының тілшілері әжетханаға ештеңе тастамау туралы ескертуді "унитаздан балық ауламау" деп әзілге бұрған.

Тіпті одан еңкейіп су "ішуге" болмайды екен.

Естеріңізге сала кетсек, ертең Сочиде қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған Ресей рекордтық сома - 51 млрд доллар жұмсаған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/301334-shetel-tilshileri-sochide-unitazdan-balyk-aulauga-bolmajdy.html