Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тоғызқұмалақтың электронды нұсқасы әзірленді

Опубликовано:

Елімізде тоғызқұмалақтың электрондық нұсқасы әзірленді. Енді төл ойынға қызықандар оны ұялы телефон немесе планшет арқылы ойнай алады.

Тың жаңалық тіпті американдықтарды тамсантып отыр. Нұржан Төлегенов тоғызқұмалақ ойынының сандық нұсқасын шығарған. Ол бұл ойын іске асыру үшін небәрі 2 ай уақыт жұмсапты.

"Ойын тегін-ақ бола берсін. Мен мұны ақша көзін табу үшін шығарған жоқпын. Бұл адамзаттың ақыл-ойын алға жетелейтін ойын. Сондықтан, халыққа пайдасы тиеді деген ойдамын", - дейді бағдарламашы Нұржан Төлегенов. 

Бүгінде сандық ойынға отандастарымыз қызығушылық танытуда. Мәселен, қазіргі таңда 2666 адам ойынды жүктеп алған. Сондай-ақ, Ресей, Монғолия, АҚШ, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Украина, елдері андроид арқылы тоғызқұмалақ ойнауда алда келеді.

Аталмыш ойын әзірге ешқандай қаражатты қажет етпейді. Ал егер бір желіде 10 мың адам ойнайтын болса, айына кем дегенде 50 доллар төлеу қажет. Пайдаланушылардың сөзінше, төл ойынымыздың электронды нұсқасы өте ыңғайлы.

Ұлттық ойындардың ішіндегі ең қиыны - тоғызқұмалақ. Осыны ескерген мамандар, қарапайым ойын түрінде 1 раундқа 2 сағат берілетінін айтады. Ал сандық ойында уақыт шектеусіз.

"Дегенмен, уақытты үнемдеп, миды тынықтырып әрі шынықтыратын бұл ойынан жарысты электронды нұсқада өткізуді жөн санап отыр. Бастысы қазылардың көз алдында уақыт есебі ескерілсе болды", - дейді "Алматы қаласы бойынша тоғызқұмалақ ойынының аға жаттықтырушысы Әлімжан Қыдырбаев.

4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны 1940 жылдары кеңестік саясаттың салдарынан тоқтатылған екен. Алайда, арада 30 жыл өткен соң, қайта жандана бастапты. Мамандардың айтуынша, бір ғана оңтүстік астанада кем дегенде 400-ге жуық жан бұл ойынды алдына жан салмай ойнайды екен. Олардың ішінде 20-25-і үздіктер қатарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/301830-elimizde-togyzkymalaktyn-elektrondy-nyskasy-ezirlendi/

pixel