RU

Ұлттық Банк: Теңге бағамы әлемдік экономикадағы жағдайға тәуелді болады

Теңге бағамы әлемдік экономикадағы жағдайға тәуелді болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Теңге курсының ұзақ мерзімдік тренді, Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, фундаменталды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға қатысты болады", - делінген хабарламада. Сонымен бірге, бұл қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін валюталық интервенциялардан бас тарту деген сөз емес. Қаржы рыногы мен экономикада дестабилизацияны болдырмау және шапшаң өзгерістерді және айырбас курсындағы қысқамерзімдік өзгерістерді жұмсарту мақсатындағы Ұлттық банк саясаты жалғасады. Ал теңгенің айырбас курсындағы ұзақмерзімдік тренд макроэкономикалық жағдайларға сай түзіледі.

Ұлттық Банктің есептеуінше, осы бағамнан соң спекулятивтік девальвациялық күтудің потенциалы азаяды. Кейіннен айырбас курсындағы өзгерістер бойынша валюта күшеюі де, әлсіреуі де мүмкін, бұл әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты болмақ.

Ұлттық Банк қазіргі валюталық операциялар режиміне ешқандай тосқауыл қоймақ емес. 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату - сатып алу бойынша мынадай дәлізді енгізеді:

-АҚШ долларына – 2 теңге;

-Евроға – 3 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/301967-ylttyk-bank-tenge-bagamy-elemdik-ekonomikadagy-zhagdajga-teueldi-bolady.html