RU

Отандық өнертапқыш қар ерітетін қондырғы ойлап тапты

Отандық өнертапқыш жылуды 30%-ға үнемдей отырып, қар ерітетін пештің жаңа түрін ойлап тапты. Қондырғы 50 градус аязда да қатпай, жұмыс істейді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді.

Отандық пештің бағасы шетелдік қондырғылармен салыстырғанда 2 есе арзан. Экологияға да зиян келтірмейді, деп хабарлайды 24.kz.

Құралдың бір қазандығы қарды ерітсе, келесі бөлігінде қоқыс жиналады. Осылайша мамандар қазірдің өзінде сағатына 300 текше метр қарды ерітуге болатындығына көз жеткізіп отыр.

"Ресейде немесе Еуропада шығарылатын барлық қар ерітетін қондырғылардың жасалу механизмі бірдей. Суды қайнатып, оның үстіне қар салады. Бірақ, 1 шаршы метр қарды еріту үшін 5 шаршы метр ыстық су қажет. Бұл әдіс тиімсіз. Жылуға көп шығын кетеді. Менің жасаған қондырғымның өзгешелігі, еріген қардың үстіне тағы да қарды салып суға айналдырамын", - дейді өнертапқыш Нұрмағанбет Нұрпейісов.

Өнертапқыш осылайша жылуды үнемдейтінін баяндады. Қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін пешті газбен жылытуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/302015-otandyk-onertapkysh-kar-eritetin-kondyrgy-ojlap-tapty.html