RU

Алматы облысында мұғалім оқушысын аяусыз ұрып-соғуды әдетке айналдырған

Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкен Шыған ауылының тоғызыншы сынып оқушысы математика пәнінің мұғалімін "аяусыз ұрып-соғады" деп айыптап отыр.

Жиырма жылдық тәжірибеде тәлімгерге қол көтеріп көрген жоқпын деп. Қалай болғанда да енді мұғаліміне кінә артқан жеткіншек шағымымен құзырлы орган айналысатын болады. Бүгінде он бес жастағы Ернұр Әбдіқалық мектепке баруға жүрексінеді.

Жеткіншектің айтуынша, математика пәнінің мұғалімі Талапқан Шапағатов соңына түсіп, бұзақылық жасаса бүкіл сыныптастарының көзінше ұруды әдетке айналдырған көрінеді. Ал Ернұрдың анасы, ұлы ұстазбен қайталана беретін кикілжіңді жасырып келгендіктен, хабарсыз болғанын айтады.

Ал жиырма жыл ұстаздық өтілі бар Талапқан Шапағатов оқушының айтқандарын жоққа шығарады. Бірақ сабақта тым тынышсыз баланы өзгелерден көбірек бақылауға алғанын жасырмайды. Тек бала тәрбиесімен айналысып келген осы уақыт аралығында тәлімгерлерге еш уақытта қол көтеріп көргенім жоқ дейді.

Ал Ернұрдың сыныптастары мұғалімдерін қолдайды. Көбі, үлкеннің ескертуіне құлақ аспайтын Ернұрдың өзін кінәлайды. Тіпті құрбыларының кейбірі оны басқа сыныпқа ауыстыруды өтінді. Қалай болғанда да ұстазын ұрды деп айыптаған оқушы сөзінің шындығын енді тиісті органдар анықтайтын болады. Және бұзақы баланы қадағалуға алмай, назардан таса қалдырған мектеп инспекторларына да жауап беруге тура келмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/302071-almaty-oblysynda-mygalim-okushysyn-ayausyz-yryp-sogudy-edetke-ajnaldyrgan.html