RU

Ақтауда түнгі клубта жігіт жас қызды соққыға жықты

Ақтау қаласының 8 шағын ауданында орналасқан түнгі клубтың біріне келген жігіт жас қызды соққыға жығып, денсаулығына зақым келтірген.

Оқыс оқиға 10 ақпан күні түнгі үш кезінде орын алған. Жәбірленуші қаланың 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Күрделі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген қыздың қолы мен тістері сынған. Ал оны соққыға жыққан 26 жастағы жігіт те жергілікті тұрғын екен.

Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Алайда не себепті ұрғанын әлі айтпай отыр. Осыған орай, адам денсаулығына зақым келтірді деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Тоқтала кететін жайт, Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаев брифинг барысында прокурорлық іс-шаралар қолға алынғаннан кейін, түнгі клубтарда қылмыстық оқиғалардың төмендегенін мәлімдеген болатын, деп хабарлады lada.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/302431-aktauda-tyngi-klubta-zhigit-zhas-kyzdy-sokkyga-zhykty.html