Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңгенің құнсыздануына байланысты ең көп әріптен тұратын сөз айналысқа енді

Опубликовано:

Теңгенің құнсыздануынан кейін қазақ тілінде ең ұзын сөз пайда болды. Бүгін "девальвацияландырылғандықтарыңыздан" деген қазақтың ең көп әріптен тұратын сөзі айналысқа енді.

Бұл күрделі сөзде 35 әріп бар! Ол сөз "қанағаттандырыл мағандықтарыңыздан" деген сөзден екі әріпке көп. Осыншалықты ұзын сөзді ғаламторға Фэйсбук қолданушы жастар шығарды.

Әзірге бұл сөзді алғаш жазғандардың бірі Нұржан Сәдірбекұлы оның нақты авторын білмейтіндігін айтты.

Әрине, қалжың ретінде шығарылған сөз болса да, бүгінгі ел тұрғындарының жағдайын осы сөз анық көрсетіп тұр. Таңсық сөзді тұңғыш естіп жатқан ел оны айтып шығуға қиналып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/302437-tengenin-kynsyzdanuyna-bajlanysty-en-kop-eripten-tyratyn-soz-ajnalyska-endi/

pixel