RU

84 жасар әжейдің құрсағынан мумияланған 44 жылдық ұрық табылды

Бразилияның 84 жасар тұрғынының құрсақ қуысынан дәрігерлер мумияланған 44 жылдық ұрықты анықтады. Бұл туралы The Daily Mail хабарлады.

Осы жайында 7 ақпанда белгілі болған, яғни әжей іші қатты ауырғаннан кейін Нативидад қаласының ауруханасына барған кезде анықталды. Рентген зерттеуі барысында қарт ананың құрсағынан 20-28 апталық ұрықты көрсеткен. Шалғай ауылдық жерде өмір сүрген осы әжейдің сөзіне қарағанда, 44 жыл бұрын ол жүкті болғаннан кейін іші қатты ауырып, қиналған көрінеді.

Осыдан соң оған шаман бір дәрі беріп, әйелдің жағдайы жақсарған, алайда бұдан кейін ұрықтың қимылы тыйылған екен. Сонымен қатар, ол осы күнге дейін сол кезде түсік тастадым деп ойлап келген. Дәрігерлердің айтуынша,әжей іштегі ұрыққа түсік жасатудан бас тартып отыр.

Осы тектес сирек кездесетін феномен "литопедион" деп аталады және ол жатырдан тыс жүктілік кезінде ұрықтың өлімі нәтижесінде пайда болады. Соңғы 400 жылда медициналық әдебиеттерде литопедион жайында 300 оқиға тіркелген. Осы орайда мумияланған ұрық ананың ағзасында бірнеше онжылдықтар бойы байқалмай сақталып келеді.

Мәселен, 2013 жылдың желтоқсанында Колумбияда 82 жасар әжейдің құрсақ қуысында 40 жылдық "тас ұрық" анықталды, ал 2012 жылдың ақпанында 35 жасар литопедион Үндістанда 70 жасар қарт ананың ағзасынан табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/302708-84-zhasar-ezhejdin-kyrsagynan-mumiyalangan-44-zhyldyk-yryk-tabyldy.html