RU

Ливия халқы Каддафи өлімінің үш жылдығын атап өтуде

Ливия халқы Муаммар Каддафи өлімінің үш жылдығын тойлап жатыр. Каддафиді тақтан тайдырған төңкерістің мерейтойы кешегі түннен жалғасуда.

Алаңға жиналған жұртшылық жалау көтеріп, аспанға от шашып жатыр. Тіпті мұндағы халық үш жыл бұрынғы Каддафидың күйреуін елдің бостандық алуымен теңестіруде.

Десе де халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы елде әлі де тұрақсыздық сақталып отырғанын айтады.

Қазір Ливияның қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізілді.

Құжат бойынша 17-ақпандағы революцияға қатысты сын айтқандардың барлығы қатаң жазаға ілінбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/302896-liviya-halky-kaddafi-oliminin-ysh-zhyldygyn-atap-otude.html