Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық бірқатар тұрғын бойындағы жынын шығару үшін имамға жүгінді

Опубликовано:

Қазақстандықтар жаппай жын шығарып жатыр. Алматыға Түркиядан "шайтан аластататын молда келіпті" деген ақпар тарағанан бері елден ес кеткендей.

Тіпті Мұхаммед Шахиннің әр сеансы 400 мың теңге тұратынын елеп жатқандар жоқ. Ал имамның өзі адам бойындағы ібілісті 3-ақ күнде ізім-ғайым етініне кепіл береді. Тек бұны нақты ғылымға сенетіндер алаяқтықтың бір әдісі деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Алладан қорқасың ба?- Қорқамын! - Қорықсаң шығып кет қазір", - деп имам адам бойына енген ібілісті аластатады.

Иланатындардың айтуынша, шайтанды дәл осылай дұға етіп, құранның күшімен қашыруға, тіпті өлтіруге де болады екен.

Ғаламторда осы сынды қаптаған видео көрген жанға көбіне "өтірік" деген ой түйгізеді. Бірақ 35 жылдан бері жын қуумен айналысқан түрік молдасы Мұхаммед Шахин бәрін рас деп отыр. Айтуынша, жер бетінде қанша адам болса, сонша жын-пері бар.

"Бұл ілімді 10 жылда үйрене алмайсын. Ол үшін ата-бабаң білімдар имам болуы тиіс. Өзім мұнымен 5 жастан бастап айналыстым. Сенбейтіндерге айтайын, шайтан өмірде шынында да бар", - дейді имам Мұхаммед Шахин.

Жын шығарушы Шахин молданың Алматыдағы кеңсесіне бойындағы перісінен құтылуға кезек күте келген адам қарасы көп. Имамның айтуынша, жұма күннен бері оның қабылдауына 50-ге жуық жүкті әйел келген. Барлығының баласы іште жатып жынға ұрынған. Соның кесірінен өспейді. Әрине, оны медицина түсіндіруге қауқарсыз. Сондықтан жүкті әйелдер имамға жүгінуді ұйғарған.

"Жын" деген ұғымның барын дін өкілдері де жоққа шығармайды. Тіпті адами әлеммен қатар өмір сүру үшін оларды Алла тағалының өзі жаратқан деседі. Әйел жыныстысы – пері, ал ері – жын деген жеке атауға да ие. Тек пендемен салыстырғанда олардың ғұмыры 200-300 жылға ұзақ көрінеді.

"Алла тағала құран кәрімде айтады: "Жынды да, адамзатты да жараттым өзіме құлшылық ету үшін". Сондықтан бізбен қатар өмір сүтерін жын деген болады. Жынның мұсылманы бар, кәпірі бар. Ал ғылымға сенетіндер бұның барлығын ауруға теңейді. Нақтыласақ – шизофренияға. Яғни, ішкі күйзелістен, адам сана-сезімінің ауытқуынан осындай түсінік туады," - дейді имам Қанағат қажы Өтебайұлы.

Психолог Анна Құдиярованың пікірінше, жын-шайтанды қуып шығу, ғылыми тілмен айтқанда, психозға баланады. Әрбір адамның психикалық аппаратында әртүрлі өзгерістер бар. Ішкі түйсік, ішкі фантазия. Кейде адамның еркіне бағынбай кетеді. Десе де тылсым күшке сенетідерге ғылым тоқтау емес тәрізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/303030-almatylyk-birkatar-tyrgyn-bojyndagy-zhynyn-shygaru-yshin-imamga-zhygindi/

pixel