RU

Бүгін кез келген тілек білдіруші Жансая Әбдімәлікпен шахмат ойнай алады

Бүгін тілек білдірген кез келген жан белгілі қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлікпен және екі грузиндік гроссмейстермен 30 шахмат тақталарында ойын ойнай алады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жансаямен бірге бір мезеттік ойындар сеансын гроссмейстерлер Давид Арутюнян мен Торнике Саникидзе жүргізбек. Шарада танымал қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов жүргізуші болады. Арутюнян шахматшы қыздың жаттықтырушысы болса, ал Саникидзе 2008 жылы Грузияның әйелдер құрамасын шахмат Олимпиадасында жеңіске жетелеген болатын.

Аталмыш ойындар 23 ақпан күні, яғни бүгін Алматыдағы "МЕГА" сауда ойын-сауық орталығының фудкортында өтеді. Басталуы сағат 15.00-де. Осы уақытқа дейін кез келген тілек білдіруші Жансаямен және атақты грузин шахматшыларымен ойынға жазыла алады.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік өткен жылы Қазақстан әйелдері арасында ең жас халықаралық гроссмейстер атағын иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/303585-bygin-kez-kelgen-tilek-bildirushi-zhansaya-ebdimelikpen-shahmat-ojnaj-alady.html