Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғамда жеке детектив қызметіне жүгінетіндердің саны артты

Опубликовано:

Ұсыныс сұранысты тудыратыны хақ. Бүгінде жеке детектив қызметіне жүгінетіндер саны артып отыр. Демек, Қазақстанда бұл қызмет түріне сұраныс мол деген сөз.

Бұдан шығатын қорытынды құзырлы органдар қызметін дұрыс атқармай отыр деген теріс пікір қалыптаспауы тиіс. Дегенмен көп жағдайда аталмыш органдар заң аясында қызмет атқарады. Ал жеке детективке артылар жүк заң аясынан тыс болуы да мүмкін, деп жазады Алаш айнасы газеті.

Бүгінде жұбайының көзіне шөп салып, сыртта сайрандайтындар саны артып отырғанын жасыра алмаймыз. Осыған сай жұбайының теріс қылығына күмәні бар азаматтар жеке детективтің көмегіне жүгініп жатыр. Ал тәртіп сақшыларына барып, "менің жұбайымның арының таза, не таза емес екенін анықтап беріңіз" деп олар үшін тосын "жаңалық" аша алмайсыз ғой.

Ал бұл істі жеке із кесуші тап-тұйнақтай етіп атқарып бере алады. Тіпті дәлелдерімен де. Бейнекамераға, фотоға түсіреді, дыбыстарды да жазып ала алады. Әйтеуір бұлтартпас айғақтарын алға тартады.

Жеке детектив қызметін заңсыз десеңіз де, дәл осы қызмет түрімен айналысатындар баршылық. "Жеке детектив қызметі" туралы елімізде заң жоқ. Егер дәл осы заң қабылдана қалса тәртіп сақшыларына бәсекелес болатыны айдан анық. Егер солай бола қалған жағдайда құзырлы органдардың жұмысы ширай ма еді деп санайтындар да жоқ емес.

Елімізде "заңды да заңсыз" жұмыс атқаратын детективтер жетерлік. Іздеу, іздестіру ісімен айналысатындардың арасында "қолдан қолға" тимейтін Шерлок Холмстары баршылық. Бар болғанмен, заң жоқ. Ондайлар жарнамасыз-ақ жұмыс істейді. Астана, Алматы сияқты ірі мегаполистерде арнайы ғаламтордан тауып алуға да болады. Тіпті арнайы сайт ашып алғандары да бар.

Тіпті халық арасында аса қажетті қызмет түрлерінің тізімі де қоса берілген. Біріншісі "фотоға, бейнекамераға түсіру арқылы ізге түсу", "Ерлі зайыптылар арасындағы сенбеушілік, некеден тыс байланыстар", "баланың іс әрекеттерін бақылау", "Алыс ара қашықтықтан бақылау" деген сияқты қызмет түрлері бар.

Кейінгі кездері дәл осы кәсіп түріне сұраныс артқан. Талай жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен запастағы офицерлер бүгінде жас зейнеткерлердің қатарында.

Бойларындағы күштерін қайда жұмсарын білмей жүрген экс-полицейлер егер арнайы заң қабылданса, осы кәсіп түріне бел шешіп, білек сыбанып кірісуге құлшынып отыр. Жасырын түрде айналысатындары да жоқ емес.

Елімізде "Жеке детектив қызметі" туралы заң осыдан жеті жыл бұрын қаралған екен. Бірақ бір қайнауы кем болғандықтан да ма ақыры қабылданбаған. "Жеке детектив қызметі" туралы заңның соңғы нұсқасы 2013 жылдың мамыр айымен редакцияланған. Ол туралы мамандардың тиімді ұсыныстары да бар.

Заңда жеке детективтің қандай іспен айналыспауына тиым салынғаны тайға таңба басқандай жазылған. Онда қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істермен айналысуына тиым салынады делінген. Тіпті жол көлік оқиғасын түбейгейлі зерттеуіне де рұқсат жоқ. Детектив қызметіне байланысты бейне, дыбыс жазу, кино, фото түсірілім жасауына болмайды делініпті.

Бүгінде жеке детективке көп жүгінетіндердің дені сүйгенінің сұйық жүрісінен сезіктенген секемшіл бәйбішелер ақшасын аямайды.Мұны кәсібін жаңадан бастаған кәнігі маман айтты. Әрине түсіп тұрған теңгесінен айырылғысы келмейтін олар тілші қауыммен әзер дегенде тілдесетіні бар.

"Некеге адал еместігін білсе де, көзі жетіп тұрса да кей бәйбішелер салқын ақылына салып, өмірлік жартыларын кешіріп жатады. Балалары үшін", - дейді детектив маман.

Амал жоқ, жеке детектив атын жарияламайтын болған соң,ойымен бөлісуге әзер дегенде келісті. Негізгі мамандығы - криминалист. Ішкі істер саласында талай жыл тапжылмай қызмет атқарған азамат бүгінде зейнетақысы артылып бара жатпаған соң ара арасында осындай қызмет түрімен айналысатынын жасырмады.

Арнайы заң жоқ, заң жоқ болған соң оны заңды түрде тіркете алмайтыны тағы белгілі. Егер тіркелген жағдайда салық төлеп тұрары айдан анық еді. Ал оны салық органдарында "... прочие услуги" деп тіркете алмайтыны тағы бар. Мұның органда істейтінін білетіндер өздері іздеп тауып қолқа салатын көрінеді. Қомақты қаражатқа алақанына салып тұрған соң істің бүге-шүгесін беске білетін маман әрине бас тартпайтыны сөзсіз.

Бірақ ерлі-зайыптылардың арасын ажырататындай мәліметтерді жинағанда жүрегім ауырады дейді. Оның үстіне тапсырыстың басым бөлігін жұбайларының адалдығын анықтауға арналады екен. "Егер індетіп ізіне түссе, еліміздегі отбасылардың 80 пайызға жуығы ажырасып кетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/303773-kogamda-zheke-detektiv-kyzmetine-zhyginetinderdin-sany-artty/

pixel