RU

Қазақстанның Ресейге қосылуы үшін ел тұрғыны құрбандыққа жылқы шалды

Флаг российской федерации
Иллюстративное фото: pixabay.com

Тәуелсіз Қазақстанның егемендігіне қатер төндіре айтылған дақпыртқа қосылып, жұртты дүрліктіргісі келгендер барынша қатаң жазалансын.

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Ресей империясының қайта орнауын тілеп, құрбандыққа жылқы шалған Ермек Тайчибековтың қылығын қатаң сынға алды.

Өзін қоғам белсендісі деп есептейтін Ермек Тайчибеков бізде де туындауы мүмкін тілдік, ұлттық мәселелерді алға тартып, "орыс тілді азаматтарға елден көшу оңайға соқпайтынын алға тартып, еңі қолайлысы - шекараны жылжытып, Қазақстанның бір бөлігін Ресейге беруді ең дұрыс шешім" деп атаған болатын.

Олд тіптен тек қана еліміздің солтүстік аймақтарын ғана емес, бүкіл Қазақстанды Ресейге қосуды ұсынады.

"Егер бөгде елдің азаматтығын алғысы келсе ерік өзінде. Көшсін",- деді. Іле сонау 2000 жылдардың ортасында Жириновский Алматыға келгенде құрақ ұша күтіп алып, қолына су құйғандарды түйреп өтті.

"Біздің заңдарымыз осыған байланысты қатаң түрде ол кісілерге жазалау болуы керек. Ал енді жаңағыдай кісілерді қазақша айтқанда оларды артына су құюшы, қолына су құюшы, малайы, жалшысы деп айтуға болады. Олар кетсін", - дейді мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков 31 арнаға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/304158-kazakstannyn-resejge-kosyluy-yshin-el-tyrgyny-kyrbandykka-zhylky-shaldy.html