RU

Алматы облысында белгісіз дәрі ішкен қыз комаға түсті

Медицина саласында тағы да шу шықты. Бұл жолы дәрігерлерді қызметіне "атүсті қарады" деп Алматы облысының тұрғындары айыптауда.

Айтуларынша, 9 жасар қыздарына олар диагноз қоя алмай сандалтып, ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Жеткіншек қазір комада жатыр. Ал дәрігерлер бұған ата-анасының өздерін кінәлайды деп хабарлайды КТК арнасы. Өйткені, ауруханаға жеткізілмес тұмауратқан қыздарына "өзім білеммен" түрлі дәрі беріпті.Лаура Өтегенова үйінің тұңғышы. Жеткіншек 9 күн бұрын ауруханаға тоқтаусыз құсудан кейін жеткізіліпті. Бастапқыда тек ішінің бүріп ауырғанына шағымданған екен. "Барлығы клизмадан кейін басталды" - дейді ата-анасы. Осыдан кейін 3-ші сынып оқушысы комаға түскен.

"Аяғымен басып, өзі сөйлеп келген балам еді. Бөйтеді деп ойлаған жоқпын. Дөктірлер кінәлі. Халыққа айтам "сенбеңдер" деп дөктірлерге", - дейді Лаураның әжесі Әлима Ескендірова.

"Басында диагноз таппай қойған. Енді келіп бізге айтады ол қыз суицид жасағысы келген. Көп мөлшерде ұйықтатын дәрі ішкен, ал бізде ондай дәрі өмірі болмаған", - дейді Лаураның анасы.

Содан бері өз аяғымен келіп, төсек тартып қалған бүлдіршіннің бөлмесін жақындары кезекпен торуылдап жүр.

Қолқанат болып қалған қыздарының сауығып кетуін тілеп. Бүгін де сол үмітімен ата-анасы тағы жетті. Дәрігерлердің сөздеріне жүгінсек, сараптама қыздың қан құрамында ұйықтататын дәрінің мөлшері көп болғанын көрсетіпті. Яки, ауруханаға түспес бұрын анасы өздігімен үйінде тұмаудан емдеген немесе өз-өзіне қол салмақ болған деп отыр.Ал бір аптадан аса мардымды алған жауабымыз осы деген ата-анасы прокуратура мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағымын дайындап жатыр. Дәрігерлер өз жұмыстарына салғырт қарады деп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/304324-almaty-oblysynda-belgisiz-deri-ishken-kyz-komaga-tysti.html