Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда әлемге әйгілі карнавал басталды

Опубликовано:

Бразилияда әлемге әйгілі карнавал басталды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Сау-Паулоның ең үздік би мектептері сенбіден жексенбіге қараған түні өз өнерлерін қалың жұрт алдында паш етеді.

Ал дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Рио-де-Жанейроның ең үздік бишілері "Маркиз-де-Сапукаи" самбодромынан өтеді.

Сонымен, бразиялықтар төрт күн бойы тікелей эфирде карнавал қызықтарын тамашалай алады.

Жұма күні Сан-Паулодан мұхит жағалауына қарай 2,5 млн көлік аттанды, ал Рио-де-Жанейроға 900 мың турист келді.

Ақпанның соңы мен наурыздың басында барлық Еуропа елдерінде дәстүрлі түрде карнавалдар өткізіледі. Бұл дәстүр орта ғасырдан бастау алады. Еуропалықтар осылайша қысты шығарып салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/304571-braziliyada-elemge-ejgili-karnaval-bastaldy/

pixel