Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Жансая Әбдімәлік атындағы тағы бір шахмат мектебі ашылды

Опубликовано:

Шымкентте әлемдегі ең жас гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің есімімен шахмат мектебі ашылды. Шахмат мектебінің ашылуы Жансаяның атасының мерейтойына да арналды.

ОҚМПИ ректорының кеңесшісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімәлік Аширов (Жансаяның атасы) бұл күні жетпіс жасқа толып отыр.

"Мұнда болашақ гроссмейстерлер жаттығатын болады. Ең бастысы, талантты балаларды тауып, олардан жеңімпаз дайындау керек. Менің спорттық карьерамда ата-анам үлкен қолдау көрсетіп келеді. Олар маған шахмат ойнауды үйретті. Шахмат секциясына беріп, қазіргі күнге дейін менімен бірге жарыстарға барады. Кеңес беріп отырады. Алты жасымда шахмат ойнауды маған әкем үйреткен", - деді Жансая Әбдімәлік.

Жансая сонымен бірге, қолы босағанда Шымкентке келіп тұратынын, жас ойыншылардың шеберлігін арттыруға көмектесіп, бір уақыттық ойындар өткізуді жоспарлап отырғанын айтады. Ал қазір ел мақтанышына айналған ол әйелдер арасында өтетін Әлем чемпионатына даярлық жүргізуде.

"Мен "шахмат патшайымы" атанғым келеді. Сондықтан, алдымен әйелдер арасындағы Әлемдік доданы жеңуім керек. Жауапты жарысқа дайындығым да ерекше. Қарқынды жаттығу жасап, әрбір ойындағы қателіктерімді қайта қарап жатырмын", - деді жас гроссмейстер.

Айта кетейік, алдын Алматы қаласында Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясы ашылған болатын. Ол кезде шахматшы әлемнің экс-чемпионы Анатолий Карповпен бақ сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/304700-shymkentte-zhansaya-ebdimelik-atyndagy-tagy-bir-shahmat-mektebi-ashyldy/

pixel