RU

Ресейлік зымыран Қазақстандағы нысанаға дөп тиді

Астрахань облысындағы "Капустин Яр" полигонында РС-12М "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағы өткізілді.

Бұл туралы РБК агенттігі Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз баянына сілтеме жасап хабарлады.

Оны ұшыру мақсатын Қорғаныс министрлігі "перспективалық жауынгерлік құрлықаралық баллистикалық зымыранды" сынау деп атайды. Зымыран Қазақстандағы "Сарышаған" полигонының жаттығу нысанасына дөп тиді.

Қорғаныс министрлігінің атап өтуінше, "Капустин Яр" баллистикалық зымырандарды сынайтын бірегей полигон болып табылады, өйткені оның сынақ жолдары және өлшеу кешендері жауынгерлік қару-жарақтарды сынауға, әуе-қорғанысы жүйесін еңсеруге қабілетті.

Reuters агенттігінің нақтылауынша, Ресей зымыранды сынақ мақсатында ұшыру жоспарланып отырғаны жайлы АҚШ-ты алдын-ала құлағдар еткен. Құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағын тағайындау Украинадағы жағдайдың шиеленісуінен бұрын белгіленген болатын.

Еске сала кетейік, ақпанның соңында - наурыздың басында Қорғаныс министрлігі ауқымды жаттығу өткізді.

Оған Батыс әскери округінің әскерлері, сондай-ақ оның аумағында орналасқан құрамалар мен әскери бөлімдер, Орталық әскери округінің 2-ші армиясы, Әуе-Ғарыштық қорғанысының, Әскери-десанттық әскерлердің бөлімшелері, қашыққа ұшырылатын және әскери-көліктік авиацияның бөлімдері тартылды.

Әскерилерге дағдарысты жағдайларды шешуде іс-қимылға қабілеттілікті тексеру міндеті қойылды. 3 наурызда Владимир Путин әскерилерге өздерінің тұрақты орналасқан жерлеріне қайтуға бұйрық берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/305025-resejlik-zymyran-kazakstandagy-nysanaga-dop-tidi.html